Павлодарлықтар бас шыршаның жағылуында лазерлік шоуды тамашалай алады

Павлодарлықтар бас шыршаның жағылуында лазерлік шоуды тамашалай алады
Фото: pexels.com

Мерекелік бағдарламалар облыс орталығының алаңдары мен саябақтарында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бас шыршаның шамдары 22 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де жағылып, жарқырайтын болады. 

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, орталық алаңда балалар бағдарламасы, лазерлік шоу, «Дәлме-дәл» пародистердің  қойылымы және DJ Samone & MC VINI дискотекасы өтеді. 

Сонымен қатар Гагарин, Литвинов көшесіндегі саябақтарда, Ж.Аймауытов атындағы театрда және Ertis Olympic бассейнінің жанында шыршалардың шамы жағылады. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа жылдың басты белгісі жаңартылып, сәукеле тәрізді 30 метрлік шырша орнатылады. Оған 52 миллион теңге жұмсалды.