28 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады

28 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын  болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.

Облыс бойынша температура түнде 0...-5°C, күндіз -2...+ 3°C көрсетеді.

Облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, батыста, оңтүстікте, шығыста боран, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынды болады.