Павлодар облысында балабақшаларда төрт мыңға жуық бос орын бар
Оның басым көбі облыс орталығына тиесілі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Обылыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда 3867 бос орын бар. Ең көп бос орындар саны Павлодар қаласы бойынша тіркелген. Облыс орталығында 1164 бос орын болса, Екібастұз қаласында 685 орын бар. Ал қалалар мен аудандар арасында Ертіс ауданы көш бастап тұр. Онда 251, Ақсу қаласында 236, Ақтоғай ауданында 232, Железин ауданында 225, Тереңкөл 201, Павлодар ауданында 200, Май ауданында 189, Успен ауданында 177, Аққулыда 163, Шарбақтыда 102 және Баянауыл ауданында 42 бос орын бар.
- Баланы мектепке дейінгі ұйымға тіркеу үшін ата-аналар «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы «balabagsha.snation.kz» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған бірыңғай портал» және жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен біріктірілген «INDIGO автоматтандырылған сервисі» ақпараттық жүйелері қолжетімді, - делінген хабарламада.
Indigo24.kz ақпараттық жүйесі бойынша Ақсу қаласы, Успен, Ертіс, Ақтоғай аудандары және Аққулы ауданы, balabaqsha.snation.kz ақпараттық жүйесінде Павлодар, Екібастұз қалалары, Баянауыл, Железин, Павлодар, Шарбақты, Май және Тереңкөл аудандары жұмыс істейді.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін облыста мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру және кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет толығымен автоматтандырылған.
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау мәселелері аясында толық ақпарат алу үшін ата-ана тұрғылықты жері бойынша орналасқан қалалық және аудандық білім беру бөлімдерін біле алады.