Павлодарлықтар бір айдың көлемінде автокөлік салығын төлеп үлгеру керек
Салық төленбеген жағдайда азаматтарға салық бұйрықтары жіберілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәлімдеуінше, 1 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.
– Салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама төленбеген айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен (3692 теңге) артық табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады, – делінген хабарламада.
Салық берешегін өтемеген Жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі.
– Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда тиісті салық, жеке соттың бұйрығы орындаушыларға мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі, – деп ескертеді 109 қызметі.
Жеке сот орындаушылары қарыз сомасынан басқа, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтарды айтпағанда, Жеке тұлғаларға салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет ақысын қосымша алады.
«Каспий банкі» АҚ салық органдары есептеген алдағы төленуге жататын көлік құралдарына салынатын салық сомасы және «Халық банкі» АҚ мобильдік қосымшасы PUSH-хабарламалар түрінде жіберіледі.
Салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. «Электрондық сервистерді» «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінен, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларынан көруге болады.