Павлодарлық орманшылар туралы кітап жарық көрді

Павлодарлық орманшылар туралы кітап жарық көрді
Фото: Ертіс орманы

Бастапқы таралымы – он бес дана, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың 22 қаңтарында «Ертіс орманы» орман табиғи резерватының құрылғанына 20 жыл толды. 

Мерейтойлық күнге байланысты резерват басшылығы ұйымның қызметкерлері және олардың еңбегінің маңыздылығын атап өту, орман шаруашылығының дамуына қосқан үлесін белгілеу және тарихта көп жылдық еңбек қызметін түсіру мақсатында кітап шығару туралы шешім қабылдаған. 

– Кітапта орман шаруашылығындағы еңбек өтілі жиырма жылдан асатын немесе оған жақын қызметкерлердің өмірбаян деректері, резерваттың бөлімшелері мен бөлімдері туралы ақпарат, орман шаруашылығының құрылу хронологиясы, даму кезеңдері, табиғи резерватты 20 жыл ішінде басқарған бас директорлар туралы ақпарат, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан әріптестер туралы материалдар, 20 жылдағы жетістіктеріміз және ұжымдардың суреттері жинақталған, – дейді резерватта. 

Кітаптың авторы – табиғи резерваттың кәсіподақ төрайымы Наталья Куликова. Алдағы уақытта кітаптың таралымын көбейту қарастырылуда.