Павлодарлықтар электронды некеге құмар

Павлодарлықтар электронды некеге құмар
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстандағы электронды некеге тұрғандардың 30 пайыздан астамы – Павлодар облысының тұрғындары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова мәлім етті.

– Республика бойынша электронды некеге тұрған отбасылардың саны – 8763-ден астам. Ал өңірде электронды некемен 3226 отбасы бас қосқан. Яғни, елімізде электронды некеге тұрғандардың 36,7 пайызы – Павлодар облысының тұрғындары. Онлайн форматта өтініш үш күн жүреді. Максималды мерзім –  15 күн. Дегенмен, қазір құжат түскенде бірден жұмысқа алынады, – дейді Маржан Имятова. 

Бұл неке қиюдың түрін электронды формата өтініш беріп,  15 күннің ішінде неке туралы куәлікті алуға болады. Ал өтініміді банктердің мобильді қосымшаларында немесе Egov сайтында бере аласыз. 

Ол үшін:

  • Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұраным» батырмасын басыңыз.
  • Өтінімде болашақ ерлі-зайыптылардың ЖСН көрсету және неке тіркелетін жергілікті атқарушы органның тіркеу бөлімін таңдау.
  • Өтінімге электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.
  • Болашақ жарыңыздың өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық растауды күтпейді.

Құжатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына бармай-ақ электрондық ресурс немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы алуға болады. Екінші деңгейлі Kaspikz және HalykHomebank банктерінің мобильді қосымшалары арқылы республика бойынша 130 мыңнан астам баланың тууы туралы куәлігі берілді және осы қосымшада 2023 жылдың 2 ақпанынан бастап неке қиюды тіркеу қызметі енгізілді.

Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.