Павлодарлықтарды су тарифі жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады

Павлодарлықтарды су тарифі жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады
Фото: Константин Шелков
Аталмыш іс-шара 12 қараша күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің «ERTIS SU PVL» ШЖҚ КМК суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдау 2024 жылғы 12 қараша сағат 11:00-де Академик Сәтпаев к-сі, 136 үй, 4 қабат, 419 кабинет мекенжайында өтеді. Тікелей эфир Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.

Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Айта кетейік, толығырақ ақпаратты +7 7182 615955 телефоны бойынша алуға болады.