Павлодарлықтар саябақта «Бақыт мекені» концертін тамашалады
Жергілікті әртістер Астананың мерейтойына орай концерттік бағдарлама дайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Естай атындағы мәдениет сарайы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің әдіскері Фариза Ілиясованың айтуынша, концерт «Астана - бақыт мекені» деп аталады.
– Шараға «Ертіс інжу – маржандары» үлгілі би ансамблі, «Домовята» театр шеберханасы, «Бәйтерек» вокалдық тобының солистері қатысты, – дейді әдіскер.
Сондай-ақ, сахнаға мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жөніндегі мәдениет үйінің өкілдері шығып, ән салды, домбырада ойнау шеберліктерін көрсетті.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында кішкентай балалар мен ұлттық киім киген әжелер мерекенің сәнін келтіре түсті.