Павлодарлықтар студенттік қарым-қатынастың жаңа нұсқасын ұсынды
Торайғыров университетінде жастар саясатын дамыту және жастар мәселелеріне арналған халықаралық семинар-жиын өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жастар қуаты – табысты келешекке бір қадам» форумы Қазақстанның 21 қаласының 64 жоғары оқу орындарынан және шетелден келген 300-ден астам студентті жинады. Семинар-жиынды өткізудегі мақсат – халықаралық қарым-қатынасты дамыту, жоғары оқу орнының ролін арттыру, студенттік бастамаларды қолдау, студенттер мен жас ғалымдар арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстарын реттеу.
- Мұндай кездесулерді өткізген аса маңызды, өйткені, жастар проблемаларын талқылап, өзара қарым-қатынас кезінде қоғамға қалай пайда әкеле алатынын пысықтай алады. Мұндай жыиндарды тұрақты түрде өткізген жөн. Студенттер бірге ғылыммен айналысып, білім көкжиектерін кеңейтіп, жаңа достармен танысуы керек, - дейді Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов.
Кездесуде сонымен қатар, Торайғыров университетінің 17 студенттік ұйымы таныстырылады. Павлодар облысы жастарының актерлік, шығармашылық және спорттық жетістіктерін паш ететін «Этноауыл» атты мәдени-білім беру жобасының тұсаукесері өтті.
- Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам жастар білім алады, - дейді Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан. – Олар жоғары білім аламын деген саналы адамдар, елдің келешегі. Сондықтан біз оларға білім беріп қана қоймай, санала тәрбие беруге міндетітміз.
Бүгінде Торайғыров университетінде шетелден келген 315 шетелдік студент оқиды. Білім ордасы қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламасын белсенді жүзеге асырып жатыр. Бағдарлама бойынша жастар Испания, Польша, Болгария, Чехия, Словакия, Латвия, Түркия, Франция, Германия және Әзербайжанның оқу орындарында оқу мүмкіндігіне ие.
Фото: автор