Павлодарлық мектепте ғылым апталығы өтті
Бұл әр түрлі ғылымдар саласындағы ғалымдардың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін білу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында № 36 экологиялық бағыттағы мектепте 1-11- сыныптардың мыңнан астам оқушы мен ата-аналардың қатысуымен ғылым апталығы өткізілді.
Аптаның әр күні «Ғылымдарға Виват!», «Барлық ғылымдарда біз мықтымыз...» ұранымен басталған болатын. Қатысушылар «Ғылымдар каруселі»мектептің қабырға газеттерімен шығарылатын математиктер, физиктер, информатиктер туралы қызықты деректермен өз білімдерін толықтырды. «Ғылым тілі» квиз ұйымдастырылды, «Шекарасыз ғылым» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіліп, экология, биология, химия, тіл білімі және өлкетану мәселелері бойынша 15-тен астам шығармашылық жоба ұсынылды. Емлелік және пунктуациялық білімді тексеру мақсатында оқушылар «Шекарасыз ғылым» тақырыбында жаппай диктант жазуға қатысты.
– Мектептегі ғылым апталығы білім мерекесіне, одан әрі шығармашылық қызмет үшін үлкен ынталандыруға, ғылыми ойлауды дамытуға, пәндер бойынша білімді толықтыруға айналды, – дейді мектеп басшысының орынбасары Надежда Копыльцова.
Апта бойы «Әдеби шығармашылық», «Геометриялық пішіндерден ерекше сурет», «Ғылыми кроссворд», «Маңызды ғылым туралы көңілді ребус» аталымдары бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Мектептің 54 оқушысы мақтау грамотасымен және 200 - ден астам қатысушы сертификаттармен марапатталды.