Екібастұзда есірткіге елтіген жүргізуші қамауға алынды

Екібастұзда есірткіге елтіген жүргізуші қамауға алынды
Фото: Константин Шелков

Ол сегіз жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

 LADA-217030 автокөлігі жүргізушісінің күмәнді әрекеті полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған. 

 – Медициналық куәландыру жүргізушінің есірткіге мас күйінде болғанын  көрсетті. Жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, – деді облыстық полиция департаментінде.

Полицейлер мас күйінде көлік құралдарын жүргізуге байланысты бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Бірақ қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер көлік құралдарын мас күйінде жүргізуді жалғастыруда, осылайша олардың өміріне, сондай-ақ басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.