Павлодарда тілектерді орындайтын картиналар қойылды

Павлодарда тілектерді орындайтын картиналар қойылды
Фото: Константин Шелков

Суретші ғажайыпты сандардың сиқырымен байланыстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Лейла Ахмед Осман шығармашылық пен философияны біріктіріп, өзінің жеке брендін қалыптастырды. Оның басты элементтерінің бірі – сәттілік әкелетін Lucky Turtle. Суретші тасбақаның сауытын сандармен безендіріп, олардың қосындысы 15-ке тең екенін байқаған. Кейіннен ол балықшының сиқырлы белгілері бар тасбақаны тауып, императорға айналғаны туралы аңызды естіп, өмірі түбегейлі өзгерді.

– Көптеген эскиз жасадым, бірақ тасбақада тоқтадым – геометриялық фигуралар мен тасбақа үйлесімді көрінеді деп ойладым. Осыдан кейін өмірімде көп ғажайыптар болды. Командамда төрт адам бар, олардың барлығының тілегі орындалды. Біз тәжірибе жасап көрдік – тасбақасы бар футболкалар шығарып, адамдардан тілек тілеуді сұрадық. Кейін олардың да тілектері орындала бастағанын білдік, – дейді Лейла Ахмед Осман.

1996 жылдан бері жасап келе жатқан жұмыстары Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде қойылды. Көрме үш бағытты қамтиды: символизм мен концептуалды өнер, фигуративті өнер және заманауи абстракционизм.

Суретшінің айтуынша, оның шығармашылығында құстардың орны ерекше. Көрменің дәл Орнитологтар халықаралық күнінде ашылуы да символдық мәнге ие.

– Құстар – ұшу мен еркіндіктің символы. Феникс – күлден қайта тірілудің белгісі, самұрық – бақыттың нышаны, – дейді Лейла.

Құстарға арналған соңғы серия афоризмдерге негізделген. Оның басты символы – сауысқан, ол қазіргі әлемнің көпқырлығын бейнелейді. Суретші «40 сауысқан 1:40-та кездесті» картинасын – диалог пен қарым-қатынастың символы, «Ақ сауысқан» – қоғамның ерекшелікті қабылдамауын білдіретін метафора, ал «Сауысқандар бейбітшілік құбылын шегеді» жұмысын – әлемдегі халықтардың бірлігі туралы философиялық туынды ретінде сипаттайды.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.