Павлодарлықтардың музыкалық арманы орындалады

Павлодарлықтардың музыкалық арманы орындалады
Фото: pixabay.kz / qiipqiipfly

Жастар орталығында арт кеш ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш іс-шара 27 тамыз күні сағат 17:00-де өтеді.

Мен, Дарья Владимировна, көп жылдық тәжірибесі бар мұғалім, сізге бір кеште 3 әнді басынан бастап орындауға көмектесемін! Ноталарды табуды, аккордтарды оқуды және музыканы орындауды үйренесіз, – дейді жаттықтырушы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фортепианода ойнау стресті басуға, көңіл-күйді жақсартуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және шығармашылықты дамытуға көмектеседі.

Алдын ала жазылу үшін +7(771)130-32-73 нөміріне хабарласу керек.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.