Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жергілікті өндірушілер өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 1 тамызда Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Сауда алаңы Торговая көшесі, 2А мекенжайында, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында орналасады.
Шараға Железин, Тереңкөл, Шарбақты, Павлодар аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін делдалсыз саудалайды.
Мұндай сауда алаңдары сенбі күндері Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың тағы 10 ауданында да ұйымдастырылады.