Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті
Іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түсті.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.