Павлодарлықтарға екі күнде контент жасауды үйретеді

Курс қазақ тілінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында 19-20 маусым күндері сағат 16:00, 18:30-да мобилография курсы өтеді.
– Тек екі күнде контент жасаудың қыр-сырын меңгеруге болады. Телефонмен түсіріп, миллион жина! Курсқа бизнес иелері, блогерлер, контент жасаушылар, жай ғана сапалы фото жасағысы келетіндер қатыса алады, – деп жазылған хабарламада.
Бонус ретінде сертификат ұсынылады. Медиа саласында танымал тұлғалар келеді. Курсқа қатысушылар TikTok пен Instagram-ға өтімді, телефонмен кәсіби видео түсіруді, сторис пен рилстен сұраныс жасауды, монтаж жасауға арналған қолданбаларға талдауды үйренеді. Ол үшін +7 700 250 5816 WhatsApp нөмірі арқылы жазылуға болады.