Павлодар облысында жас кәсіпкерлерге шағын несие беру үшін қаражат көлемі артты

Павлодар облысында жас кәсіпкерлерге шағын несие беру үшін қаражат көлемі артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Былтыр жастардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына шағын несие алған, алайда ендігі жылы комиссия мүшелері грантты басқа салаларға беруге тырысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова мәлім етті.

– Былтырғы бастамалардың бірі жастарға жылдық 2,5%-дан бес миллион теңгеге дейін шағын несие беру болып табылады. Осы бағыт бойынша 750 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 173 адам өз ісін ашты. Биыл да осы бастама жалғасын табады, – деді ол. 

Оның сөзінше, наурыздан бастап құжаттарды қабылдау басталады. Биыл 820 миллион теңге бөлінді. Шағын несиенің максималды сомасы – бес млн теңгеге дейін. 

– Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қайтарымсыз гранттар да беріледі.  Бірнеше жыл бойы оның мөлшері 400 айлық есептік көрсеткіш болды. Биыл да бұл шара жалғасатын болады және шамамен 443 адамды гранттармен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деп толықтырды Альмира Дисюпова. 

Қайтарымсыз гранттар екінші лек бойынша беріледі. Бірінші грант беру ағыны сәуір айынан басталады, ал екінші ағын маусымда болады.  

– Өтінішті еңбек нарығы порталы арқылы берген кезде толық автоматтандырылған процесс. Осылайша адами факторды азайтамыз деп үміттенеміз, – деді спикер. 

Оның сөзінше, көбіне гранттарды ауыл шаруашылық салаға мал өсіру үшін алады, алайда табысқа қол жеткізу үшін бірнеше жыл кетеді. Сондықтан да комиссия мүшелері шешім қабылдаған кезде жастарға басқа салаға көңіл бөлуді ұсынады.