Екібастұзда қария үйден шығып, қайтып оралмаған

Оны «Ангел» еріктілері іздеп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
68 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны Құрманғали Әділханов Ломоносов көшесі, 23А үйде тұрады. 24 шілде күні таңғы сағат жетіде үйінен шығып кетіп, оралмаған.
«Ангел» ерікті іздестіру-құтқару жасағының мәліметі бойынша, ер адам арық, нашар естиді және бағдарсыз. Оның үстінде қара шалбар, көк күртеше және басында NY деген жазуы бар жасыл түсті кепка болған.
Хабар-ошарсыз кеткен қария туралы ақпарат болса, 8 (776) 816 80 80 – Олеся, 8 (705) 162 00 24 – Рената немесе 102 телефондарына хабарласуға болады.
«Ангел» ерікті іздестіру-құтқару жасағының инстаграм парақшасынан алынған сурет