Заря ауылында ер адам із-түссіз жоғалып кетті
Жоғалған азаматты ауыл тұрғындарынан ешкім көрмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш оқиға жайлы «VITA» еріктілер жасағы мәлімдеді.
– Еренқайып Құспеков қала тұрғыны, бірақ кеше қызымен бірге Зарялық туыстарының үйінде қонақта болған. Ол жерден сағат үштер шамасында жоғалып кетті, – дейді еріктілер.
Туыстарының өздігінше іздестіруі нәтиже бермей, олар 102 қызметіне және еріктілер ұйымына жүгінді.
– Хабарлама келіп түскеннен кейін іздеу жасағы бірден Заря ауылына аттанды. Бірнеше нұсқа пысықталып, тұрғындардан оқиғаның мән-жайы сұрастырылды. Өкінішке орай, Еренқайыпты ешкім көрмеген. Ер адам ауылдың бір жерінде немесе қалаға қарай кетіп қалуы мүмкін, – дейді «VITA» еріктілер ұйымының өкілдері.
Олар жоғалған азаматтың қайда екенін білетіндерді немесе қандай да бір маңызды ақпарат иелерін +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Айта кетейік, ер адам бұрын 2021 жылы із-түссіз жоғалып, күні бүгінге дейін табылмаған Зайда Құспекованың күйеуі болып шықты.
Іздеу жалғасуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram