Полициядан қашқан кран: Павлодарда бес көлік зардап шекті

Полициядан қашқан кран: Павлодарда бес  көлік зардап шекті

Жүргізушінің көлікті ұрлағаны және жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір сағат бес жарымда Ломов көшесінде МАЗ кран машинасы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. 

Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастырған.

— Бірнеше апат жасап, салдарынан патрульдік полицияның төрт қызметтік көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті. Ол Кіші айналма көшесінде ұсталды, автокөлікті басқара алмай, көлікті аударды. 1999 жылы туған жүргізуші Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады, — дейді департаментте. 

ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлімі, 611-бабы 2-бөлімі, 613-бабы 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотта қаралады.

Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік автокөлікке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.