Бүгін Павлодарда әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты
Олар 5512 әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мерзімді борышын абыроймен атқарған 200-ге жуық сарбаз үйіне кетті.
- Бүгін 5512 әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқарған 1-2022 шақырылым сарбаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға әскери бөлім қызметкерлері, сарбаздар және ардагерлер кеңесінің төрағасы Мусин Сабыр қатысты, - деді баспасөз орталығының басшысы Бағдат Амангелді.
Мерзімді қызметті өткерген сарбаздар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының, Павлодар облысы әкімінің, Павлодар облысының полиция департаменті бастығының, Павлодар облысы және қаласының "Аманат" партиясы бастығының және әскери бөлім командирінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.