«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Жылу құбырлары жаңартылуда. Бірлескен жобалардың болашағы зор

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Жылу құбырлары жаңартылуда. Бірлескен жобалардың болашағы зор

@Pavlodarnews.kz oблыстық «Saryarqa samaly» газетінің 23 мамыр, сейсенбілік нөміріне аңдатпа ұсынады. 

Өткен қыс жылыту маусымына ерте қамдану қажет екенін көрсетті. Облыс тұрғындары жылу желілерінде жиі тіркелетін апаттардың зардабын тартқаны соншалық, біраз уақыт ыстық сусыз отыруға көніп отыр. Енді қанша уақыт ыстық су болмайды? Қай аумақтағы желілер жөнделіп жатыр? Ертеңгі нөмірден біле аласыздар. 

Өткен аптада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға үшкүндік мемлекеттік сапармен барып қайтты. Жоғары дәрежедегі кездесулер нәтижесінде екі елдің экономикалық қарым-қатынасын одан әрі биік деңгейге шығаратын келіссөздерге қол жетті. Ол қандай келіссөздер? Ынтымақтастықтан не күтеміз? Сараптап көрдік. 

Бір аптадан кейін оқу жылы аяқталады. Тоғыз ай бойы тынымсыз білім алған шәкірттер жазғы демалысты тағатсыздана күтуде. Олардың демалысы қалай ұйымдастырылмақ? Аймақ бойынша неше бала лагерьмен қамтылады деп жоспарлануда? Осы және өзге де сұрақтарды «Бас тақырып» айдарынан оқи аласыз. 

Ал Торайғыров университетінің «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, профессор Талипов Олжас Манарбекұлы – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы жеңімпаздарының бірі. Ғалымның еңбегі, жас ғалымдарды дайындау төңірегіндегі сұхбат «Ғылым» арнайы бетінде жарияланады. 

Сонымен қатар, сейсенбілік шығарылымнан өңірдегі соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы біле аласыздар.