Павлодар облысында АЭС салу бойынша референдум басталды
Сайлау учаскелері өңірдің барлық қалалары мен аудандарында жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сағат 7:00-ден бастап Павлодар облысының кәмелетке толған тұрғындары атом электр станциясының құрылысы бойынша жалпыхалықтық дауыс беруде бюллетеньдерді толтыра алады. Өңірде 520 учаске ашылды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс тұрғындары үшін 510 мыңнан астам бюллетень дайындалды. Олар екі тілде толтырылған. Бір ғана - «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беру керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».
Дауыс беру учаскелері сағат 20: 00-ге дейін ашық болады.