Павлодарда 30 жылдан кейін зорлық жасаған тұрғын ұсталды
Ол сот төрелігінен көп жылдар бойы жасырынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады.
– Павлодарда 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында зорлық жасаған ер адам ұсталды, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Тюмень қаласында мемлекетаралық іздестіру жариялаған Павлодарда қарақшылық жасаған күдікті ұсталды. Экстрадициялау мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілетін болады
Жыл басынан бері Павлодарлық жедел уәкілдер 32 қылмыстық қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.