Семейдегі орман өрті: Павлодардан көмекке мамандар шықты
Тілсіз жауды ауыздықтауға “Ертіс орманы” табиғи резерватының жігіттері аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өрт жалпы ауданы 30 мың гектар жерді шарпыған.
- Абай облысындағы орман өртін сөндіруге көмекке “Ертіс орманы” табиғи резерватынан 30 адам және 5 техника жіберілді. Әрі жалынның Павлодар облысының аумағына өту қаупі жоқ, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ТЖД-нің арнайы жедел жасағы дабыл түсе қалған жағдайда жолға шығуға дайын тұр.
Еске сала кетейік, 8 маусым күні шыққан болатын. «Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады.