Павлодарда велосипедшіні көлік қағып кетті

Павлодарда велосипедшіні көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 23.30 шамасында Естай-Катаев көшелерінің қиылысында Chevrolet маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші 1991 жылы туған велосипедшіні қағып кетті. Ол Катаев көшесімен велосипедпен жүріп келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші ауруханаға жеткізілді.