Шідерті маңында аударылған автобустың жолаушылары Екібастұзға жеткізілді

Шідерті маңында аударылған автобустың жолаушылары Екібастұзға жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Шідерті» тұрақты медициналық сақтау пунктінің жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екібастұз қаласының орталық ауруханасына ЖКО орнынан алты адам эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 7 қарашада Шідерті кенті маңындағы «Қызылорда – Қарағанды – Шідерті» автожолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол шетінен шығып аударылған. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы және Апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілген болатын.