Шах пен мат жолында: павлодарлық журналистер Сенат кубогына таласады
Тоғыз тур швейцариялық жүйе бойынша өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
19 ақпанда сағат 10:00-де БАҚ өкілдері арасында рапид шахматтан Павлодар облысының чемпионаты – Сенат кубогы-2026 турнирінің 1/8 финалы өтеді.
Senat Open – Қазақстан Республикасында ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылатын шахмат турнирі.
- Турнирдің мақсаты – мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері арасында шахматты насихаттау, оларды зияткерлік спорт түрлеріне тарту, шығармашылық ұжымдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ дода барысында спорттық дайындық деңгейін арттырып, Сенат кубогы-2026 турнирінің 1/4 финалына қатысатын мықтылар анықталады.
Жарыс Павлодар қаласындағы Шахмат үйінде (Естай көшесі, 83А) өтеді.