Шахматтан өткен доданың жартылай финалында «Ертіс Медиа» ЖШС қызметкері бар
Павлодарда шахматтан Senat Open іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен өткен дода Достық үйінде болды. Онда 120 спортшының басы қосылды. Сайысшылар қатарында әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, журналистер, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар.
Облыстық мәслихат депутаты Илья Теренченко жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Мұндай іс-шаралар қоғамдағы келісімге елеулі үлес қосады. Оның бірлік пен ынтымақтастықтың шаңырағы - Достық үйінде өткізілгені де бекер емес. Біз мұндай спорттық шараларды алдағы уақытта да қолдайтын боламыз.
Спортшылар арасында директоры Руслан Біләлов бастаған БАҚ өкілдері де болды. Медиа-холдинг басшысы турнирдің жоғары деңгейде өткізілгенін атап, шақырғандары үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Спортшылар арасында «Ertis Media» ЖШС директоры Руслан Билялов бастаған өкілдер болды. Медиа-холдинг командасына Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттіктің журналисті Айбек Жұматов пен София Котельникова кірді. Сондай-ақ «Ertis Media» ЖШС талдау және ақпараттық қауіпсіздік кеңсесінің басшысы Назар Ахмаров және кеңсе маманы Ернар Ибраев болды.
Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша 120 қатысушыдан 25 Senat open жартылай финалисті анықталды. Олардың қатарына «Ertis Media» ЖШС аналитика және ақпараттық қауіпсіздік кеңсесінің маманы Ернар Ибраев кірді.
Фото авторлары, Есенжола Исабек, Розы Мустафина және Константина Музалевский.