Шанхай кинофестиваліне екі қазақстандық фильмі қатысады
Байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Kazinform.kz.
14-23 маусым күндер аралығында өтетін 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінің (SIIF) ашылуына Қазақстаннан екі фильм қатысуда.
2024 жылғы кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына екі қазақстандық фильм кірді: толықметражды көркем фильмдер бөліміне режиссер Данияр Саламаттың «The Divorce» фильмі таңдалды. Бұл фильмнің Шанхай кинофестиваліндегі көрсетілімі оның әлемдік премьерасы болмақ.
«Жаңа Азия таланттары» бағдарламасында Қазақстан, Ресей және Италия бірлесіп түсірген Малика Махамеджанның «Longer than a day» фильмі көрсетіледі. Бұл да әлемдік премьера.
Байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 29 ел мен аймақтан 50 фильм бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін алу үшін таңдалды, оның 38-і әлемдік премьералар болды.
Толық метражды көркем фильмдер номинациясында бас жүлдеге 14 кинокартина, соның ішінде қазақстандық «The Divorce» фильмі таласады.
Сонымен қатар, кинофестиваль аясында «Бір белдеу – бір жол» елдерінің кино апталығы» өтеді.
Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.