ШҚО полицейлері сот орындаушыларынан жасырынған азаматты Павлодардан тапты

ШҚО полицейлері сот орындаушыларынан жасырынған азаматты Павлодардан тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам бір жылға жуық миллиондаған қарызын төлемей, қасақана жасырынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Polisia.kz ақпараттық агентігінің мәліметінше, Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысының қарызын төлемеген борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті. Ер адам өткен жылдың тамыз айынан бастап өскемендікке алты миллион теңге қарыз болған.

Қызметкерлер хабарламаға жедел жауап беріп, қасақана төлемеушіні бір тәулік іздеді. 

Белгілі болғандай ер адам Павлодарда жасырынған. Полицейлер берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау үшін мәліметтерді уәкілетті органдарға берді, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.