Павлодарда баланы алдыңғы орындықта тасымалдаған жүргізуші жазаланды

Павлодарда баланы алдыңғы орындықта тасымалдаған жүргізуші жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүргізуші Н.Назарбаев даңғылы бойында баланы алдыңғы орындықта алдында алып жүрген.

Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде. 

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамауға қатысты 1188 бұзушылық орын алған.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қауіпсіздігі жайлы ескертеді. Жол ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.