«Соғыс туралы естелік»: Павлодарда сарбаздар бейнеролик түсірді

«Соғыс туралы естелік»: Павлодарда сарбаздар бейнеролик түсірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әскери қызметшілер ата-бабасының абыройы мен ерлігін рэп арқылы жеткізуді жөн көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұлан жауынгерлері қазақ және орыс тілдерінде бейнероликтер түсірді.

«Алдыңда жау тұрса да артқа ол қайтпады,

Кеудесін отқа тосып, Отанын сатпады.

Сол кезде қаза болған ерлердің аттары

Мәңгі-бақи есімде, жүректе сақтаулы», деп айтылған әнде. 

Бейне бір айдың ішінде 6679 әскери бөлімінен сарбаздардың жеке ықыласымен түсірілген.

Осы бейнероликтер Ұлы жеңістің 80 жылдығына қазақ жастарының патриоттық рухын дамытуға, екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан батырлардың есімдеріне тағзым білдіру мақсатында түсірілген, – деп атап өтті 6679 әскери бөлімінде. 

Қазақша нұсқасының сөзі мен әнін жазған қатардағы Әлихан Медеуұлы мен Айбол Болсынұлы. Орысша нұсқасының сөзі мен әнін жазған қатардағы Бабанов Вадим. Бейнебаянды түсірген қатардағы Тұрарбек Мұхтарбек пен Ельдар Қайырғалымов.