Суыққа төтеп беру: Павлодарда жылу беру орталықтарында температура көтеріледі

Суыққа төтеп беру: Павлодарда жылу беру орталықтарында температура көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Былтырғы кемшіліктер ескерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс басшысы жылу желілерінің соңында орналасқан үйлерді тиісті деңгейде жылыту мәселесін шешуді тапсырып, қалада жылыту маусымында температуралық режимді жақсарту міндетін қойды. Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында баяндады.

–    73-ші орталық жылыту пунктін модернизациядан өткіздік. Оған Лесозавод шағын ауданындағы үйлер қосылған. Қазір аталған пункте 5 сорғы орнатылған. Барлық құрал-жабдықтар автоматтандырылған, – деді Хасар Хабылбеков.

Оның айтуынша, 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО шекараларын 1-ЖЭО-ға қарай жылжытқан. Ол қысымды бір қалыпқа келтіріп, жылу желділерінің соңында орналасқан үйлерге жылу беру көрсеткішін арттыруға мүмкіндік туғызады.

–    Былтыр екі аптаға созылған аяз уақытында қала тұрғындарының пәтерлері біршама суып кеткен еді. Осы жайтты ескеріп, биыл ауа райына байланысты қаланың жылу беру орталықтарына температураны алдын-ала көтеруді тапсырдым, – деді қала әкімі.

Хасар Хабылбековтің пайымдауынша, аяз түспей тұрып, үйлерді дұрыстап жылытып алу қажет. Себебі көп қабатты үйлер суыққа төтеп бере алуы тиіс. Сонда тұрғындарға қолайсыздық туындамайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)