Суыққа төтеп беру: Павлодарда жылу беру орталықтарында температура көтеріледі
Былтырғы кемшіліктер ескерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс басшысы жылу желілерінің соңында орналасқан үйлерді тиісті деңгейде жылыту мәселесін шешуді тапсырып, қалада жылыту маусымында температуралық режимді жақсарту міндетін қойды. Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында баяндады.
– 73-ші орталық жылыту пунктін модернизациядан өткіздік. Оған Лесозавод шағын ауданындағы үйлер қосылған. Қазір аталған пункте 5 сорғы орнатылған. Барлық құрал-жабдықтар автоматтандырылған, – деді Хасар Хабылбеков.
Оның айтуынша, 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО шекараларын 1-ЖЭО-ға қарай жылжытқан. Ол қысымды бір қалыпқа келтіріп, жылу желділерінің соңында орналасқан үйлерге жылу беру көрсеткішін арттыруға мүмкіндік туғызады.
– Былтыр екі аптаға созылған аяз уақытында қала тұрғындарының пәтерлері біршама суып кеткен еді. Осы жайтты ескеріп, биыл ауа райына байланысты қаланың жылу беру орталықтарына температураны алдын-ала көтеруді тапсырдым, – деді қала әкімі.
Хасар Хабылбековтің пайымдауынша, аяз түспей тұрып, үйлерді дұрыстап жылытып алу қажет. Себебі көп қабатты үйлер суыққа төтеп бере алуы тиіс. Сонда тұрғындарға қолайсыздық туындамайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram