Сұраныс қаупіне байланысты мұнай бағасы арзандап жатыр
Жұма күні мұнай бағасы Қытайдағы экономикалық сигналдар мен АҚШ-тағы рецессия қаупі аясында төмендеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Жұма күнгі саудада Brent маркалы мұнай фьючерстері Гринвич бойынша 09:31-де (Астана бойынша 15:31) барреліне 43 центке немесе 0,57%-ға арзандап, 74,55 долларды құрады.
West Texas Intermediate (WTI) маркалы америкалық мұнай фьючерстері барреліне 33 центке немесе 0,47%-ға түсіп, 70,54 доллар болды.
Болжам бойынша, баға көрсеткіштері бір аптада 1%-дан астам төмендейді.
Баға төмендеуінің себептерінің бірі - бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден мен АҚШ заң шығарушыларының кейінге шегерілген кездесуі, онда тараптар мемлекеттік қарыз шегін 31,4 триллион долларға дейін көтеруді талқылауы тиіс еді.
Кездесу келесі аптаның басына ауыстырылды.
АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен жұма күні Конгресс мемлекеттік қарыз шегін көтермесе, елде қаржылық-экономикалық апат болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, мұнайға сұраныстың артуына қытайлық кәсіпорындарға жаңа несиелердің қысқаруы да ықпал етті.
Наурыздың ортасында Goldman Sachs шикізат зерттеуі бөлімінің басшыаы Джефф Карри мұнай нарығы дефицитке қалай келе жатқанын, 2023 жылдың соңында баррелі 100 доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеді.