Такси кірмейтін: Павлодар ауданы ауылында 10 жылдан кейін жол жөнделді

Такси кірмейтін: Павлодар ауданы ауылында 10 жылдан кейін жол жөнделді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

 Республика күнін мерекелеу аясында ұзындығы 2,2 шақырым жаңа кірме жол қолданысқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар ауданы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байханов биылғы жылдың көктемінде аудан тұрғындарымен тұрақты кездесуде кірме жолдар мәселесін 100% шешуді тапсырған. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 90%-дан аса орындалған. Ал келесі жылы барлық елді мекендердің кіреберіс жолдарына асфальт төсеу жоспарланып отыр. 

Жергілікті тұрғындар бұл жолды он жылдан астам күткендерін айтады. 

– Такси жүргізушілері ауылға кіруден бас тартатын, сондықтан жолға шығуға тура келетін. Автокөлік иелері жолдың нашарлығына байланысты көліктер үнемі бұзылып қалатындығына шағымданатын. Енді жағдай түбегейлі өзгереді деген сенімдеміз, – дейді ауыл тұрғындары. 

Айтулы күн мәдениет үйінде мерекелік концертпен жалғасты.