Павлодар әкімі Лермонтов көшесіндегі жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көшенің жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.
– Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Өткен жылы Набережный көшесінен Ак. Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі аяқталды. Қазір жұмыстар Ак. Сәтбаев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жүргізілуде, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.
Электр желілерін тарту және суару жүйесін орнату жұмыстары аяқталып қалды. Мердігердің айтуынша, көшедегі жарықтандыру желілері 80 пайызға дайын, ал суару жүйелері мен техникалық су құбырлары толығымен тартылған. Тамыз айының басына дейін барлық инженерлік желілерді толық аяқтау жоспарланып отыр.
– Жақын уақытта веложолдарға асфальт төсеу және көгалдандыру басталады. Жеті балалар және жеті спорт алаңына арналған орындар дайындалды. Барлық кіші сәулет нысандары жеткізілді. Орнатуға дайын тұр, – деп атап өтті Хасар Хабылбеков.
Әкім жұмыстың қарқынын арттыру қажеттігін атап өтіп, асфальт төсеу және көгалдандыру жұмыстарының тамыз айында аяқталуын тапсырды.
Лермонтов көшесін жаңғырту жобасы қала басшысының жеке бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram