Тамыздың алғашқы күнінде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

Тамыздың алғашқы күнінде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +20...+25°C болады. Жауын-шашынсыз. 

Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауылды жел болуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +22...+24°C болады. Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. 

Күндіз қатты ыстық болады. Сынап бағанасы +34...+36°C-қа дейін көтеріледі. Ала бұлтты ауа райы сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы және дауылды жел болуы ықтимал.