Павлодар облысында зиратты су басуы туралы ақпарат – жалған

Павлодар облысында зиратты су басуы туралы ақпарат – жалған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстағы барлық сумен жабдықтау нысандары әдеттегідей жұмыс істейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде Тереңкөл ауылындағы зират пен мал қорымын су басу және Ертіс өзеніне судың ағуы туралы ақпарат тараған. 

– Бұл ақпарат сенімді емес. Аталған обектілерді су басқан жоқ.Тереңкөл ауданының «Бастау» МКК штаттық режимде жұмыс істейді. Аудандық ауруханаға ластанған судан улану белгілерімен жүгіну фактілері түскен жоқ, – деді Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов Іnstagram парақшасында.

Аудан әкімі ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлімінің 456-2-бабына сәйкес жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін жеке тұлғалар үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салып өтті. 

ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде де Ертістен аққан су зираттарды, мал қорымдарын басып жатқаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді, – деп атап өтті ведомствода. – Көктемгі су тасқыны кезінде мүмкін болатын қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлардың алдын алу үшін облыстың су айдындарына мониторингті күшейттік.

Сәуір айының басынан бастап департамент мамандары микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 552 су сынамасын зерттеген және нәтижесі санитарлық нормаларға сәйкес келді.

– Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Су тасқынына байланысты жіті ішек инфекцияларының өсуі байқалмады, – деп хабарлады  департаментте. 

Сарапшылар А гепатиті, ішек және басқа инфекциялардың алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтауға, тамақ дайындау үшін  және ішуге қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануға кеңес береді. 

Жергілікті атқарушы органдар ауызсудың сапасын бақылауды күшейтеді.