Павлодарда жылдың мәдениет және өнер саласындағы қорытындылары талқыланды

Павлодарда жылдың мәдениет және өнер саласындағы қорытындылары талқыланды
Фото: Валерий Бугаев

Өнер, театр, сөз және өлкетану саласындағы үздік қайраткерлер гранттармен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі осы іс-шаралардың өтуіне атсалысып, өңірдің мәдениеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосқандардың барлығына алғысын білдірді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани келбеті» деп айтқаны бекер емес, – деді Асайын Байханов. – Әрине, шығармашылық адам үшін ең маңыздысы – халықтың мойындауы, және бұл жерде отырғандар мұндай құрметке сөзсіз ие.

Иса Байзақов атындағы филармонияның камералық хорының жетекшісі Мадина Жұрмахамбетова хор ұжымы бұрын сахнаның артқы жағындағы топ ретінде қабылданса, бүгінде филармонияның басты көркіне айналғанын айтты.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда хор өнері жақсы деңгейде, ол дамып, бүкіл әлемде мойындалған. Біз осы деңгейді ұстап тұруға тырысамыз, – деп мәлімдеді Мадина Жармұхамбетова.

Іс-шараға қатысқан 24 қатысушы өңірдің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін облыс әкімінің гранттарымен марапатталды.

Асайын Байханов ұлттық мәдениеттің асыл мұрасын сақтау және оны келешек ұрпаққа жеткізу баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, өңірдің мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан зор үлестері мен игі еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.