Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның жоғалып кеткеніне үш күн өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеуде. 

4 мамырда Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4  мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. 

Аяулымның бойы – 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, болон жилет және ақ аяқ киім киген.