Қазандық жарылды: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр
1979 жылғы ер адамды термоингаляциялық күйік шалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы тұрғынның басы, беті мен денесінің жоғары және төменгі бөлігін 40-45 % күйік шалған.
– Жану өнімдерімен уланған. Жағдайы ауыр деп бағаланады, – деп хабарлады басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі компрессор-оператор болса, екіншісі – автогаз тасығыштың жүргізушісі.
Денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.