Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды
Түркияның Кония провинциясындағы ауылдардың бірінде кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Hurriyet басылымына сілтеме жасап.
Карапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында шұңқыр пайда болды. Оның неден пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыстың олар үшін қалыпты жағдай екенін, тек ауылға алғаш рет келгендерді таң қалдыратынын айтып отыр.
Кония Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырлы кезеңдерден кейін шұңқырлардың пайда болуының арта түсетінін айтты. Онымен қоса таяуда болған ірі зілзала топырақта шұңқырлардың пайда болуының бір факторы болуы мүмкін.
Еске салсақ, Түркиядағы жойқын зілзала салдарынан Түркияның Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 44 218 адам қаза тапты.