14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы −2…−7 градус аралығында болады. Күндіз 0…+5 градусқа дейін жылынады.
Ал облыстың шығысында күндіз ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсуі мүмкін.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы −4…−6 градус, күндіз 0…+2 градус болады. Көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Даланы тұман басуы мүмкін.