ЮНЕСКО Венецияны Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосуды ұсынды
ЮНЕСКО Венецияны қауіп төнген дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
ЮНЕСКО есебіне сәйкес, Италия қаласы шамадан тыс туризм мен шамадан тыс құрылысқа, климаттық өзгерістерге байланысты теңіз деңгейінің көтерілуінен «қайтарымсыз» шығынға ұшырап отыр.
Венеция муниципалитетінің өкілі бұл ұсыныстың «мұқият зерттелетінін» және Италия Үкіметімен талқыланатынын айтты.
Венеция «La Serenissima» атауымен белгілі, ол - «өте тыныш» деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай уақыт өткен сайын қала бұл атауға лайық болмай барады.
Венецияны қауіп төнген қалалар тізіміне қосуды ЮНЕСКО екі жыл бұрын ұсынған. Бірақ Италия үкіметі қабылдаған төтенше шараларға байланысты ол соңғы сәтте кейінге шегерілген.
Атап айтқанда, осындай шаралардың бірі - Сан-Марко каналында круиздік кемелер сияқты үлкен кемелерге тыйым салу туралы шешім болды.
Үлкен кемелерге тыйым салынды, бірақ ЮНЕСКО оны қоршаған ортаны қатты ластайтын басқа қайық модельдеріне ауыстыру керектігін айтады.
Ғаламшардың жылынуы мұндағы теңіз деңгейінің көтерілуіне әкеледі, сондықтан сумен қоршалған Венеция су тасқынына төтеп беруге қауқарсыз.
Бұдан өзге жыл сайын Венецияға шамамен 28 миллион турист келеді. ЮНЕСКО-ның айтуынша, бұл қаланы кеңейту жобаларын арттыра түсуді қажет етеді. Ал ол өз кезегінде қалаға үлкен зиян келтіреді.
Сонымен қатар, ЮНЕСКО биік ғимараттар қалаға «айтарлықтай теріс визуалды әсер етуі» мүмкін және оларды қала орталығынан алыс жерде салу керек деп санайды.