Успен ауданында автобус бағыты іске қосылды

Успен ауданында автобус бағыты іске қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автобус Қызылағаш ауылы-Тимирязево-Ольховка-Успен бағытында жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

 Успен ауданы әкімінің орынбасары Медет Шоқановтың айтуынша,  9 қазаннан бастап Қызылағаш ауылынан Успен ауылына автобус бағыты іске қосылды.

– Биыл 19 қыркүйекте аудан әкімі Нұрболат Мақашев тікелей эфир барысында ата-анасы Қызылағаш ауылында тұратын Ақсу қаласының тұрғыны аудан орталығына автобус қатынасының жоқтығы туралы айтқан, – деп жазды Медет Шоқанов.

Қазіргі уақытта бұл мәселе тасымалдаушылармен пысықталып, Қызылағаш ауылы Тимирязево-Ольховка-Успенка бағытына енгізілген.