24 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады
Күндіз ауа температурасы...+25°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +9...+12°C дейін жылынады. Ауа райы көбіне ашық, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағанасы +22...+25°C дейін көтеріледі. Аспан ашық, кей жерлерде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер желдің екпіні секундына 3-8 метр шамасында, кей уақыттарда 9-14 метрге дейін күшеюі мүмкін деп болжауда.
Ал Павлодар қаласында түнде +10...+11°C, күндіз +18...+23°C. Ауа райы ашық, жауын-шашынсыз.