Ақтоғай ауылдарында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Аудан әкімі Жоламан, Жаңаауыл және Қараоба ауылдарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов ауыл жобаларының іске асырылу барысын тексерді.
Оның айтуынша, Жоламан ауылында су құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні сорғы станциясының аумағын абаттандыру, ауылішілік құдықтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жаңаауыл ауылында ұзындығы 1,2 км кірме жол жөнделуде. Оны «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС орындауда. Осы жұмыстарды орындау мерзімі ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін күтіледі.
Ал Қараоба ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы белсенді түрде жалғасуда. Септикті орнату, сондай-ақ баскетбол және тренажер алаңдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кешенді ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Жұмыс барысын бақылау жалғастырылатын болады.