Павлодарда жолдағы шұңқырларды жамауға кіріседі
Олар MAC-асфальтпен жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 2 ақпаннан бастап коммуналдық қызметтер облыс орталығының көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жөндеуге кіріседі.
– ТҮКШ бөлімінің мамандары жол жабындысының жағдайына мониторинг жүргізуде. Бұл жұмыстар үшін -10 градусқа дейін төмен температурада пайдалануға рұқсат етілген МАС асфальтбетонды төсеу технологиясы қолданылады,– деді бөлімде.
Ең алдымен көбірек зақымдалған, үлкен шұңқырлар анықталған жерлер жөнделеді. Айта кетейік, шұңқырларды жөндеудің негізгі жұмыстарына нөлден жоғары температураның басталуымен кіріседі.